Бірдеңе айтқысы, сөйлегісі келіп тыпыршыды. ~ Жоқтан өзгені сылтауратып, жолдан қалдырғанның жөні жоқ. Шофер де, бұ да іс бітті деп тұрғанда, аузы қышып, жолдаманы сұрай қалмасы бар ма. М.Қаб. ~ Содан бір күні Бәйтерек жарықтық аузы қышып: «Осы сенің не тұрысың? Қасыңнан қотыр лақ өтсе де бүгежектей қаласың. Ә.Кек. ~ Жайыма қарап отырмай. Сауал қоюға оқталдым. Аузым қышыды ма, нем бар десейші қыстырылып. Д.Дос. ~ Ал деревня адамдарының ішінде де ала-құласы болған, кейбіреулерінің аузы қышып қыбырлап, тиісті жерге сыбырлап, заңды бұлжытпай сақтап, тілегенге-сұраған болып, адал қызмет атқарғысы келмеді дейсің бе? Иә, ондай аузы қышитындар табылады. В.Рас.
