Толассыз ішеді. ~ Ұят-сұят деп жарық дүниеге шыққысы келмей жұмысшы жатақханасының кiр-қоң сасыған қараңғы бұрышында илектелiп жата бергенде арақтан аузы құрғамайтын дыр-дуы көп ортада бәрi бiр, бiр күн болмаса, бiр күнi қызғыштай қорығаны қызыл итке жем болары хақ. Т.Сәу. ~ Баяғыдан, алты ай жаз, сонау қар алғаш түскенге дейін қымыздан аузы құрғамайтын Есқұл отағасының күндегі әдеті − құлынды желіден бесін ауа ағытып, кекілі қалың кер биесімен ауылдан аулақтау аласа таудың қойнауына қарай кетіп бара жатады. Н.Дәу. ~ Мен ауырып тұрған соң екі айдан кейін Святканың аяғында Надя қайтыс болды. Святка жақсы өтіп еді. Әкем ішіп кетті, күн сайын, ертеңнен кешке дейін аузы құрғаған жоқ, үй тола қонақ… И.Бун.
