Сан құбылып, біресе олай, біресе бұлай кетіп, тұрақ таппай тұрған ахуал. ~ Сен енді тіпті ел жаққа да барма. Ауылдағылар мынадай аумалы-төкпелі жағдайды пайдаланьш, бірінің артын бірі шұқып жатыр. Менің алдымдағы арыздардан ат-көпір жасауға болады. Б.Тоғ. ~ Осы деммен Москваны алып бір-ақ тынбақ ойлары бар. Шығыс майданының тағдырын шешеді деп аса үлкен үміт артқан осы Октябрь шабуылына неміс командованиесі барын аямай өте мұқият дайындалды. Соғыстың барлық аумалы-төкпелі жағдайлары, екі жақтың күштерінің ара салмағы мүлтіксіз есепке алынды. Т.Ахт.
