Posted in

АУМАЛЫ-ТӨКПЕЛІ ЗАМАН (КЕЗЕҢ)

Қоғамдағы неше түрлі өзгерістер, қиын-қыстауға толы уақыт. ~ Аумалы-төкпелі заманда мұнша мол дүниеге ие бола алсам жақсы, ие бола алмасам ұятқа қалармын. Ғ.Біл. ~ Жарқылдаған қылышты, боздаған оқты көргендер ауылдан ауылға аңыз ғып таратты. Аумалы-төкпелі заманда жалпақ жұрт түкке түсінбей қала берді. Т.Әл. ~ Патша тақтан тайып, Уақытша үкімет құлағаннан кейінгі аумалы-төкпелі заманда ел билеп қалуға құмартқан есек-дәмелілер көбейіп жатыр. Ә.Нұрп. ~ Елтіріден ел бүлінетін ерте замандардан тартып бірде батысқа, бірде шығысқа босып, әлсін-әлі іргесі көтеріле берген қазақ елінің тағдыры тағы аумалы-төкпелі кезеңге тап болған екен деп танып, бұрыннан қаяулы көңіліне қапырықты сезім ұялады. Ғ.Біл. ~ Кетбұғаның балалық шағы осындай аумалы-төкпелі алмағайып кезеңге тап келіп, тілерсегінен қан аралас саз кеше жүріп ержетті. Д.Рам.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *