Posted in

АУЫЗДЫҒА СӨЗ, АЯҚТЫҒА ЖОЛ БЕРМЕДІ

1. Тілінен бал тамған шешен. ~ Кешегі Бұлтың Қыпшақ Жөребек: “Апырым-ай, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеген жүйрік едім, бірақ артымда жұрт айта жүрерліктей екі ауыз сөз қалдырдым ба, жоқ па… осыны білмеймін,” – деп өкініпті ғой жарықтық. О.Сәр. ~ Киіз үй сиреп қалған ауылдың шығыс бетінде көп атты тұр. Шаршы алдында ақбоз атқа мінген Асанжан ойқастатып жүр. Інім ұрылардың да неше түрлі қияпаттылары болады. Ауыздыға сөз бермейтін шешендері, аяқтыға жол бермейтін жүйріктері кездеседі. Б.Қыд.
2. Адуынды, бетпақ. ~ Келіннің ажарына ғана емес ақылы мен айбарына да көңілі бітті. Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін адуын қатынның аузына құм құйғаны Ақбөбектің атағын одан әрі аспандатып, ауыздан-ауызға тарап кеткен. Ү.Жәл.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *