1. Ділмарланып, сөз кезегін бермеді, лепірді. ~ Ақымақ! Даладағы қарақалпақта не туыстығы бар деймін-ау.
Ағайынның өкпесіне қалды… Бекбауыл бұрын Раманқұлды елемейтін. Нағыз қасқыр беттің өзі екен! Жиырма жаста,
ауыздыға сөз бермей тұр. Түбі көресіні сол көрсетер… З.Шүк. ~ Қазақтың тойдағы лепірме, көпірме сөзін кешіруге болар,
бірақ кісі қазасына жайылған азалы дастарханда асынып-тасынып, ауыздыға сөз бермеуін қалай қабылдарсың? Сөздің парқы
мен нарқы сөйленер жеріне орайлас, қарайлас болмаушы ма еді? “Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын” дегенде Абай мұны
мақтан үшін айтпаған шығар-ау. И.Сап.
2. Тілге бай, сөзге жүйрік. ~ Тіпті аяғын бір басарға ерініп, киіз үстіне отырудың өзі қиын-қыстау болды. Енді
анау отырған аузымен құс ұстаған жүйрік, ауыздыға сөз бермеген шешен, бұрын Қастек жеріндегі құдайыңыздың өкілі,
дәретсіз кер баспайтын мүлгіген қажы Шалтабай қазір жүгіріп келі
