Posted in

АУЫЗ ЛӘМІ

Сөйлеген сөзі, сөз ыңғайы. ~ Оны Жәдік тұқымы қалай қарсы алады? Жәдік тұқымының ауыз ләмін мына сығыр қожаларына
қалай жеткізіп барады? Бәрі енді соған байланысты. Ә. Кек. ~ Мұның алыстан келгені, тиын санайтын майдашыл, ауылдың
можантопайларына ұқсамайтындығы алғашқы ауыз ләмінен– ақ аңғарылған. Жарты жолдан ауса да «сізге қанша төлеймін»
деп құйрығы жер иіскемей шошаңдаса не дейсіз. Отырысы нық, мығым. Қ.Жиен. ~ Уыз қымызды үрттап қойып сөйлеген
билердің ауыз ләмінен биылғы жер ыңғайын білмегенмен, ел сыңайын оп-оңай-ақ тани қоятынсың. Ә.Кек. ~ Менің айтарым,
ертең көш-жөнекей Ордағы шаһарға елшілер жібермекпін. Бір жағынан баламның аман-саулығын біледі. Екінші жағынан,
орыс өкіметінің ауыз ләмін аңдиды. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *