Тиісті, тап берді, жабысты, жармасты; қол сұқты. ~ Әлсіздерді құртса , өңкей күштілер әр-беріден соң біріне- бірі ауыз салар еді. Ж.Айм. ~ Өзінен өзі сөз алды: «Ай, дүние жалған-ай, Іште кетті-ау арман-ай, He көрмедік мысықтан?! Қанымызды ішті ғой, Баста қайғы күшті ғой, Өтті-ау өмір құсып қан!.. Аңдып тұрып тап беред, Тап бергенде шап беред, Талайға ол сұм салды ауыз. He қылмады қанды ауыз?! М. Жұм. ~ Енді маған ауыз салдың ба, ей?! – деп ешкімнен оңайлықпен ыға қоймайтын Көбентай адырайып шыға келген. – Байқа, батыр, ойының осылып жүрмесін… О.Сәр. ~ Бұл апат адамды қойып малға да ауыз салды. Ж.Шәк.
