Тұрмысы жаман емес, жұрт құрлы күн көрісі бар д.м. ~ Одан да, енді басқа бір кәсіп етпейсің бе? Қой қайырып тыныш
жүргендер де аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Екі қолға бір жұмыс. Кеудеңде жаның болса, асырарсың бізді.
Шүйкедей екі-ақ жанбыз қолыңа қараған. С.Жүн. ~ Сендер әлі де болса менің қанатымның астындасыңдар. Мен тұрғанда
аштан өліп, көштен қалмайсыңдар. Мен сендерді назарымнан тыс тастамаймын дегені бұл шарасыз екі бишара жанға.
Б.Соқ. ~ Шекер бұрын еміне бермей, еркінсіп, былғаныш қара жұмыстан бойын теткіп ұстаушы еді. Өйткені сомадай Жұматай
мен Құлтума, əрі көлеңдеген ақ жаулығы мен құймыр отты көзі тұрғанда, аштан өліп, көштен қалмаспын деп ойлаушы еді.
Ж.Айм. ~ Менi ойламаңдар, ел iшiндемiн. Аштан өлiп, көштен қалмаспын. К.Сег. ~ Бүйткен дәулетің әдіре қалсын.
Жемегенім таяқ еді, оны да татырдың. Өлмесең өрем қап, аштан өліп, көштен қалмаспын. Кеттім… М
