Posted in

АШ БӨРІДЕЙ ЖАЛАҚТАДЫ

Ашкөздене, құныға, тап беруге дайын тұрды. ~ Әй, Сартабанның жүгірмектері. Қара, аш бөрідей жалақтап тұрыстарын. Өй, жетпіс жеті атаңның, жетпіс жеті бабаңның аузын… Кәне, кіріңдер бастыққа,— деді айқайлап. С.Мұр. ~ Бұл кезде Қараман аш бөрідей жалақтап, төңірегіне тінте көз салып, қара тұлпарымен сыдыртып келе жатқан. А.Сей. ~ Есікті жұлқып ашып, ентігіп Нұртай кіріп келді. Адымдай басып, аш бөрідей жалақтап келіп, үй ортасында қалшиып тұрып қалды. С.Ом. ~ Жаяу– жалпы шұбырып, бұлақ бойлай өрлеп, жоғары асып бара жатқан кілең ақ жаулық, ақ сәукелелердің ішінен жау бөрік көрмеген соң екіленген жасақ ақ тамақ сұлуларды қапысыз танып қап, қотанға түсер аш бөрідей жалақтап алған. С.См. ~ Жер дауына бас болған Жәуке, Қасенбай қатарлас адамдарды қырамын да жоямын деп аш бөрідей жалақтап жүрген Бойков жайы да белгілі. С.Ом. ~ Мені көріп атым кісінеп-кісінеп жіберді. Оның даусы шыққанда өзім

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *