1. Аяғынан тік тұрды, сауықты; жүріп кетті. ~ Бәрі де бұл дүниеде жоқ-бары белгісіз бөтен біреудің сыбағасы… Оған
ортақтасқанына қынжылмайды да, қысылмайды да… Не де болса, мына пақыр аяғына мініп кетсін… Не де болса тәтті қиялының көгілдір
пердесін жыртпай, ыңғайына жығыла бергені дұрыс… Ә.Кек. ~ Ауруханада жатқан еркектер аяғына мініп кеткенше теңізге
шығасыңдар! Балық аулайсыңдар! Бұл партия, Отан алдындағы парыздарың… Ә.Нұрп. ~ Таң атар-атпаста ауыл шетіне «ой
бауырымдап» шауып кірген суыт жүргіншінің әжептарқы айқайынан жұрт бірден аяқтарына мініп, тікесінен тік тұрды. Ә.Кек.
~ Бірақ әлі де өздігінен аяғына мініп кете алмай, сыйлы қарттың абыройын сыртынан азық қып, ел арасында қақпай-
соқпаймен күн көріп жүр. Ә.Нұрп.
2. Жаяу жүрді, жаяулады. ~ Біраздасын барып тәлтірек қағып аяғына мінді. Ақырын жүріп терезенің тұтқасынан ұстап ашып
жіберді. Алып қала науқас кісід
