Аяғына тұсау болды, кедергі келтірді, жүргізбей тастады. ~ Екі себеппен: бірі — Егор соңдарыңнан бақылау жіберуі мүмкін,
өйтсе, кеткендеріңе көзі жетсін, ал сен, қалың орманға кіре, елеусіз бір жалтарыста түсіп қал: екіншісі — өзге қазақтардың
бұнда саған серіктігі болмайды, қайта, аяғыңа оралғы болады… С.Мұқ. ~ Кейін он төрт жасқа шыққан жылы әкесі
Дихуаға оқуға жібермек болғанда шешелері шулап: «үйленетін жасқа келді. Жалғыз ұлды қайда жібересің» деп аяғына
оралғы болған. Ж.Шәк. ~ Көдебай (күліп). Әліш байғұсым да ширап келеді, аяғына оралғы бола бастады білем: кеше шатақ
шығарып бір жиылысқа жібермей тастады деп есіттім. Б.Май. ~ Бірақ ескіліктің қалдығы әлі де аяққа оралғы болуда. Т.Әбд.
