Сазайын берді, әкесін танытты, тас-талқанын шығарды; жанын көзіне көрсетті. ~ Жаса, Майра! – деп Жомартбек жалғыз өзі аямай алақан соқты. – Сағынованы шалқасынан түсірдің. Аяғын аспаннан келтірдің. Ә.Нұрш. ~ Енді тырп етіп көрші, қане, аяғыңды аспаннан келтірейін. О несі-ей?! О.Сәр. ~ Осы әңгімені Шихалдай да көптен күтіп жүрсе керек, бірден елең етіп, бойын тіктеп алды. – Иә, дұрыс айтасыз, ұлы мәртебелім. Ол қарақшыны алшаңдатып қоймай, аяғын аспаннан келтіретін кез жетті, — деді қиық көзі шоқтай жайнап. Қ.Жұм. ~ «Осы құдайда көз жоқ, я отбасына, я отанына мысқалдай септігі жоқ жалқау масылдарды алмай, арпалысып жүрген Санжар сүлейдің аяғын аспаннан келтіргені қалай!»–деп жаны ашитын жақсылар табылар–ау. Д.Дос.
