Артық қадам жасамайды, өз еркімен жүріп-тұра алмайды; әлдебір жерге, үйге бас сұқпайды. ~ Жоға. Менің ықтиярымсыз аяғын аттап баспайды”. О.Сәр. ~ Жігіт деген әрқашан әмбебап, әрқашан лыпып тұрмаушы ма еді… Сен болсаң, сауырына қамшы тимесе, аяғын аттап баспайтын қыңыр ат сияқты кейін шегіншектей бересің. Қ.Най. ~ Қызылордада ол кезде, бірі —«Жаңа», бірі —«Ескі» аталатын екі бақша бар, бірақ кешке жарығы болмағандықтан, күндіз болмаса, түнде ол бақшаларға жұрт аяғын аттап баспайды. С.Мұқ.
