Posted in

АЯҒЫН ШАЛЫС БАСТЫ

Жүрістен жаңылды, тура жүрмеді, қателікке ұрынды. ~ Кімді қуантып, кімді ренжіттім дегендей есеп-қисапсыз болмайды. Адамбыз ғой… Аяқты шалыс басуымыз хақ. М.Сүн. ~ Ол үшін құдай алдында бетке шіркеу болатын бірде-бір қате жібермей, аяғын шалыс баспай, пенделік, жұбайылық парызын адал атқарып баруы керек. Қ.Жұм. ~ Сөйтіп‚ түрме жастығын жеті жыл жастанып‚ жарма көжесі мен қара нанына жүрек жалғап келгенде‚ бір мүшел мерзімді араға сап аяғын шалыс басқанын бетіне салық еткені қырыққа келген қырқылжың шағында жанына қатты батты. Қ.Түм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *