Үйлендірді, әйел алып берді. ~ Жасынан қолын беріп, жыл сайын аз-аздап малынан құтылып, тұңғышының аяғын шырмады. Ж.Айм ~ Ондай бала арзанға түспейді ғой, оған малым жетпейді ғой деген Сүлейде ой жоқ: ағайын көптеп көмектесеміз, болысамыз дейді. «Тек аяғыңды шырма! » дейді. Ж.Айм. ~ Онан кейін әкем аяғымды шырмады. «Бас қусыру» үлкен мақсат болды. Бір үйдің шаруа жүзіндегі сүйенген азаматы болдым. Егін, пішен, арық-тоған, жаз жұртпен бірге тіршілік ету, аз малды қыстан аман алып шығу мойнымда болды. І.Жанс. ~ Мұқаметқалидың үйленер уақыты жетті ғой. Қалай да осы өзі қалап сөз байлаған қызын алып беріп, аяғын шырмайық, — деп күлді. С.Бег. ~ Ол әбден жүдеді. Тұздыбайлар өзінше, Мәмбет өзінше ойлайды: Тұздыбайдың ойынша: Мәмбет енді үйде болсын. Үйде болу үшін оның аяғын шырмау керек. Енді баламыз қалаға қанғымай ауылда болса да аштан өліп, көштен қалмайды. І.Жан.
