Бұра тартты, басқа жаққа бет алды. ~ Бұдан былай бұл құдыққа қарай Нұрғаным үшiн аяғын
қия басатын кiсi болса, желкесiн қырқамын! – дедi. М.Әу. ~ Егер аяқтарыңды қия басып,
бұл төңірекке енді бірің келер болсаң, өздеріңнен көр. Көздеріңе көк шыбын үймелетем.
С.Жүн. ~ Қаратал бауырын думандатып жатқанда, ерінің қас-қабағына қарап, бұл жаққа
аяқтарын қия баспаған абысындар алыстан қызығып, бір келіп кетуге құмартушы еді.
С.Жүн. ~ «Иттің ғана баласы, әлгі студент қызына кетті ғой» деп ойлап қойды. Ақілгектей ажарлы жары бар адам да аяғын
қия басады екен-ау! C.Олж.
