Тізгіндеп ұстады, ешқайда жібермеді, мойнын бұрғызбады. ~ Әсіресе, ана Кәлен, Мөңке, Рай, Дос сияқтылардың аяғын қия бастырмау керек. Ә.Нұрп. ~ Ойбай, ағатай! Қомшабай шыр етті. – Баяғы Күржібай жоқ, қазір Мақпалдың аяғын қия бастырмайды. Маған да көбірек ақырып – жекіретінді шығарды. З.Шүк. ~ Матайдан туған жиен, сондықтан тілегі Есеней жақта. Жігіттің аузына қарап отырған Күрлеуіт, одан ұлықсатсыз аяғын қия баса алмайды. С.Мұқ.
