Біреудің басынан өткен жағдайға бұл да тап болды; кебін киді. ~ “Есің барда еліңді тап” деген, ана үшеуін алып, екеуің аман қайт, әйтпесе, бәрібір солардың аяғын құшасың!” – дедім мен екеуіне. Ж.Сәм. ~ Денесі бір ысып, бір суыды. Қуаныш пен күдік итжығыс. Баяғыда да көңілі өстіп өрекпіп, ақырында опық жегені бар. Тағы да соның аяғын құшып жүрмесіне кім кепіл?.. Т.Сәу. ~ Алдына келген басқа да бата жасалмай ақсақалдардың алдынан қаз-қалпында қайтқан болатын.”Соның аяғын құшпасын” деген күдік Қанаттың көкейіне қона қалған. Т.Рыс. ~ “Алдын дарға асып, Сіберге жаяу айдаған деуші еді. Талабы: демократиялық жаңарумен қарапайым адам бостандығы болатын. Соның аяғын құштық қой біз де! – Қазір де сойыл сөйлеп, сана сөнді. Т.Рыс.
