Posted in

АЯҒЫ ҮЗЕҢГІДЕ КЕТТІ

1. Артында іздеушісі бар д.м. ~ Қазақ атам жоқтаушысы, іздеушісі бар адамды «аяғы үзеңгіде кетті» деп отырушы еді. Солай болар. Сүйегі топыраққа айналса да рухы өлмей келеді. Өлтірмей келе жатқаны өзінің жиған иманы болар. Аманбала жеңгеміз бастаған тірілердің де құдайшылығын, аруақшылдығын айта жүргеніміз абзал болар. Т.Май.
2. Өмірі жаугершілікте өтті, ат жалында ғұмыр кешті. ~ Мамыражай шақ орнаса, ел алаңсыз шаруашылық жүргізіп, жұрт қала салып, үй тұрғызар еді. Еңбектің жемісін, бейнеттің зейнетін татар еді. Алыптар аттан түскен жоқ, аяғы үзеңгіде кетті. Жақсылыққа ізденді. Жарыққа ұмтылды. Д.Аман.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *