Не нәрсеге де дайын д.м. ~ Ресей қазақ жері мен халқын басыбайлы иемденуге бірнеше бағытта жойдасыз жоспарлар құрып, сайтани саясатты іске асыра бастады: – аяғы үзеңгіде тұратын көшпелі халықты тегіс аттан түсіру, сөйтіп біржолата жуасыту; – шұрайлы мекен, шүйгін жер мен су, қоғалы көлдерді тартып алып, тұрғылықты елді шөлге ығыстыру, сөйтіп қазақтың жерін империя құрамына бүтіндей кіргізу… З.Кәр. ~ Ата-бабаларымыздың қолы қорамсада, аяғы үзеңгіде, ат жалында ғұмыр кеше жүріп, қанымен қорғаған Ұлы даланың тарихын жоқтайтын мезгілдің жеткеніне қуандым. Д.Нәб. ~ Қоғам тыныштығын қорғауда полицейдің бір аяғы үзеңгіде тұратыны белгілі. Сондықтан үйден гөрі түзде көп жүреді. “Сақшы”.
