Қорлады, бағаламады; берекесін кетірді. ~ Кекселеу қатын бәйбішенің құс төсегін көпіртіп, алақанымен шартылдатып, байдың орнына салды. Оны көргенде, Ақбілектің іші қазандай қайнады. «Есіл апасының қасиетті орнына әлде кімнің жаман қатыны шынымен жатқаны ма?! Апасының аруағын қорлады ғой, аяқ асты етті ғой!». Ж.Айм.
~ Демесін (шалқып). «Сен, Ережеп, үйтіп шатаспа, — дедім. — Көдекенді аяқ асты қыла алмайсың, — дедім. — Бәріміз Әлімқұл тұқымынан өршігеміз», — дедім.«Қарына тартпағанның қары сынсын» деп… Б.Май. ~ Орысша оқыған дінсіз неме, көптің сөзін аяқасты қылды, — деп шалдар Есімбектің жағында болды. Б.Май.
