1. Көңілдес болды; ашыналыққа түсті. ~ Күнтайды Ақпанға өзге жұрт қиғанмен, Шепе қимады. Расын айтқанда, – қызғанды
ол. Өзі алуға Шоңайнадан қорқатын ол, реті келсе, жасырын аяқ салмақ болды. С.Мұқ. ~ Аяқ салу – дәстүрлі ортада
перзент көре алмай жүрген байдың өзінің «есіктегі күңімен» көңіл қосу жосыны. Мұндай сирек кездесетін көңілдестік некелі
әйелі ұзақ уақыт бала көтермей жүрген жағдайда кездескен. Бай күңнен бала сүйсе, әйелдің күң аты жойылып, әлеуметтік
мәртебесі басқа әйелдермен теңестіріледі. Уик-ия. ~ Мамыт жалғыз баласы Жабыға Күржібайдың қызын айттырыпты деп
еститін еді. Енесей бидің тұқымы жаман Күржібайдың қызына қалай аяқ салады деп жүрсе.. З.Шүк. ~ Батсайы ширықты.
Жесірлік жейдесін иығына ілгелі де алты жылдың шамасы. Содан бері сан әумесерді жерге қаратқан жоқ па. Жігітгің перісі
мен серісіне де селт етпей келеді. Қазақ ғұрпында байы өлген әйел әмеңгерлік салтқ
