1. Жасанды аяқ, протез. ~ Отағасының бір аяғы ағаш екен. Шолтаң еткізіп Аханға қолынан бұрын аяғын көрсетті. Ағаш аяқтың иесі Аханға жезде екен. Тістесе кетуінің бір себебі де осы болса керек. Қ.Ысқ. ~ Құрдастары: «ағаш аяқ саған жарасады екен, бұрынғыдан әлдеқайда сом әрі тәкаппар болып кетіпсің», – деп әзілдеп те жүрді. О.Бөк.
3. Аяққа екі ұзын бақан байлап алып жүріп, ойын көрсетуші. ~ Халықтың аңызы бойынша Ағаш Аяқ бақанмен жүруді нағашысы Апақ балуаннан үйренген. Өзінің шығарған жырында: Атандым өзім Назар Ағаш Аяқ Қалдым мен қашан достан жаным айып, – дейді. Ә.Мар.
.
