Posted in

АҒА ТҰТТЫ

Жасы үлкендігін қадірледі, ақыл қосар аға санады, сөзіне ден қойды. ~ Қой асығы демей-ақ қолыңа толса, сақа тұт, жасы кіші демей-ақ ақылы асса, аға тұт. М.-М. ~ Екі орданың арасында жат ауызға сөз тасытқысы келмей сақ сөйледі. Алдағы күзде жоңғарға жорыққа аттанбақпыз деді. Қайып ханды аға тұта сөйледі. «Біз жаспыз ғой ақ патшаның, Қайып ханның қызметіне әрдайым әзір тұрамыз», – деді. Ә.Кек. ~ … дүниеде өзінен бұрын өткен екі-ақ жас үлкен Ескелдіні аға тұтып, өзін жерлегенде денесін екі шақырымдай жерге төменірек қоюды аманат еткен! Б.Тоғ.~ Бүкіл бір ғылым саласының мәртебесін асқақтатқан ардағымызды, аға тұтқан асылымызды міне арамыздан алып кетті. Т.Сәу. ~ Нұрияның үйіне барып қайту жөнін ақылдасуы Қабеннің орнына аға тұтуы есебінде ғана өтіп еді. Қ.Шаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *