Posted in

АҚ БЕЗЕР ДЕ КӨК БЕЗЕР (БОЛДЫ, ТАНДЫ)

Ант-су ішті, мойнына алмады, қарғанды. ~ Жылқышыдан келіп жоқшы екенімізді айтып едім, ол ақ безер де, көк безер боп, ұрылардың ізі өзінің ізімен бір түсін жатса да, көрдім дер емес. Ә.Әб. ~ Төрге шықпай есік аузындағы төңкерулі шелекке жайғасыпты. Жаңағы ақ безер де көк безер боп ақталғаны бекершілік екенін Ықсан түсінді; не де болса сөзді сабырлы бастамақ. М.Сүн. ~ «Ешкімнен ештеңе үйренбедім», – деп ақ безер де көк безер танатындар саппас сарамастар ғана шығар. М.Əл. ~ Сонымен табан үш ай ұстап. Құлайғырды қинап сұраған. Құлайғыр болса, қанша қорлық көрсе де, ақбезер де — көкбезер боп танудан жаңылмаған. Ж.Ах

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *