Елге сыйлы, сөзі өтімді, сыр-сипаты келіскен ел анасы. ~ Елудің жуан ішіне енсе де, өңін бермеген, салмақты, паң, манардай ақ бәйбіше еді. М.Мағ.~ Бір мезгілде қызының жанында тұрған келбетті семіз ақ бәйбіше: — Әй, жандарым, сендердің де әпке – қарындастарың, алдарыңда тілеулерің бар ғой. Мынау — қойнымдағы алтынымдай сақтаған жалғыз балам еді, бөтен елдің босағасын жаңа аттағалы келе жатқанда, бақытын күйдірмеңдер, аяңдар! М.Әу. ~ Батырдың ас қамын өзінен басқаға сеніп жасатпайтын ақ бәйбіше дастарқанын дайындап қойып, сырттап, үйге жолай алмай күйбеңдеп жүр. С.См.~ Ошаған би Бексананың маңдайынан сүйді. — Қайда жүрсең аман бол, қарағым. Енді көре алармын ба, көрмеспін бе, Аралбайдай әруақты атанды сыйлап, ақ бәйбіше енеңді қадірлеп от. Жарыңа, Жандырыңа жолдас, ауылыңа инабатты бол, жүдә тегі. С.См.
