Posted in

АҚ БҰЙРЫҚТЫ ӨЛІМ (АЖАЛ)

Жазмыштың дегенімен; кездейсоқ опат жағдайда емес, жасы жетіп, қартайып, өз кезегімен болған қаза. ~ Адалл еңбекпен ерінбей мал табуға жігер қыла алмайсыз. Кеселді жалқау, қылжақ бас, Әзір тамақ, әзір ас, Сыртың пысық, ішің нас, Артын ойлап ұялмас, – болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық. Абай. ~ Бұл сапар менiң ендiгi қалған тiрлiгiмнiң мұраты. Бәрiңе айтар бiр өтiнiшiм, осы жолда ақ бұйрықты ажал сағатым жетiп, қаза тапқаным естiлер болса, сол шақта да бiрде-бiрiң менi аяп, мүсiркеп: “әттең өкiнiп өлдi-ау, арманда кеттi-ау” деп еске алма. М.Әу. ~ Жаратқан ием, я кәрiм алла, менiң қолымнан өлтiртпедiң. Бендең болған бар тiлегiм, ақ тiлегiм со болсын. Ал мынау екеуiн! Жiбер өзiңнiң ақ бұйрықты ажалыңды. Уын, зәрiн өзгеге жаймай тұрғанда, жой көздерiн, жоғалғырлардың! – деп қолының сыртымен терiс батасын етiп салды. М.Әу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *