Posted in

БЕТ ПЕРДЕСІ АШЫЛДЫ

Шынайы кейпі аян болды; ұрлық-қарлығы, арам ниеті, күнә- айыбы әшкереленді. ~ … егер аруақтар зәуде қайтып оралса… (шіркін-ай, қайтып оралса). Дүниедегі сансыз сұмдықтың бет пердесі ашылып, БІЗДЕР ұяттың отына өртеніп кетер едік – ау… О.Бөк. ~ Бір-ақ нәрсеге өкінем дейді. Айдалада жатып алмай, ақырына дейін қызылмен күресуі керек екен. Колчакқа, Деникинге барып қосылуы керек екен. Тым құрыса Созақта өлмедім дегенін қайтерсің. Бет пердесі осылай ашылды. Жау! Өкіметтің, партияның, халықтың жауы! Тоғыз қайтара атсаң да, қылмысы жетіп жатыр. М.Мағ.