Posted in

БІР АТАДАН ТАРАҒАН

Шыққан тегі, қаны бір. ~ Мен бастан бандит емеспін. Өйткені тап күресі дегендеріңізге де мен еліге қоймадым. Ал шынымен колхоздастырудан мен үлкен үміт күткенмін. Бірақ оным желге кетті. Мен бір атадан тараған он үйден жалғыз қалдым. Бәрі аштан қырылды. Тігерге тұяғын қоймай, бар малын тартып алдыңыздар. Б.Қыд. ~ Қазақтың айтпайтыны жоқ. Қазақ айтты екен деп жүрісімнен жаңыла алмаймын, шырағым. Ал аталастыққа келсек, бәріміз бір атадан тарағанмен, оның әулеті шынжыр балақ, шұбар төс болды, менің әулетім кисе киімге, ішсе тамаққа жарымаған. Н.Дәу.