Posted in

БҰЙЫРҒАН НЕСІБЕ (НӘСІП)

Маңдайына жазылған, тағдырдың сыйы д.м. * Жұмбақтың шешуіне жастан жерік, Ақынға қайда жүрсе дастан серік. Халқымның қазынасын қай- қайдағы, Бұйырған несібедей алдым теріп. Т.Әл. * Не де болса, бұйырған несібесін осы тоғай маңынан теріп жеп, түлей түбінде жан сақтауға тиіс.Қыр үстінің қысы да әлемет. Ү.Жәл. * Бұйырған несібені бұлардың ауыздарынан жырып қалмас. Бойындағы бары осылардыкі. Қ.Жиен. ~ Тоқтамай жүріп келе жатырмын. Бұйырған нәсіпті теріп жеп, жүрек жалғап алам да, бет алды құла түзге тарта бердім. М.Әбд.