а) Зәрленіп, долданып, ашу-зәрін төкті. * Боранның басылатын түрі жоқ, бұрынғысынан да құтырып шабына соқты. Жұтып жіберердей жалғанған, тұлан тұтып долданған, екі иығын жұлып жеп айдаһарша ысқырған.. О.Бөк. * Исеке-ау, екі иығыңды жұлып жеп, жетіп келгенсін қайдан білейін…- Бақан мәймөңкелеп бара жатқан, үй иесі кесіп тастады. М.Сүн. ~ Арақ жеті атаңнан қалған ас па еді, қу алқаш! – деді екі иығын жұлып жеп. Қ.Тіл.
ә) Еліре, жанын сала қимылдау туралы. * Қаланың саябақ, кафелерінде, клуб, би алаңдарында битлз бен рок, джаз, эстрада… екі иығын жұлып жеп, алаңсыз шаттықпен асқақтата шырқап жатқанда, шеттегі жапырайған жаман тамда атамзаманғы кәрі вальс жетім үнмен мұң шағып күңіренетін. Т.Сәу. ~ Мен де кезінде екі иығын жұлып жеген еркекшора едім, – дейтін шашымды талдап тарап отырып. М.Қаб. ~ Дауыс жақындаған сайын көзі шатынап, ауызы көпірши бастады бақсының. Екі иығын қомдады. Сосын иығын жұлып жердей, екі жағына алақтап қылғынды дерсің. А.Кеңш.
