Қатерден басын аман алып қалуға тырысып, жанталасты. ~ Ертістен бойды шіміріктіріп қоңыр салқын жел еседі. Кемерді тасқын кернеген. Аралды су алған. Аралдағы сәні кеткен сояу ағаштар. «Пәленді аулақ қыл!» дегендей, жан сауғалап, сендерге басы тиіп теңселеді. Ж.Айм. ~ Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. Әйтпесе, сеңдей соғылысқан халықтың өлгені өліп, өлмегені жан сауғалап, бетінің ауған жағына босып кете береді. С.Шай. ~ Екеуінің ол әрекеті алғашқыда қатты сәтсіздікке ұшырайды да, 1751 жылы жан сауғалап екеуі де Абылай ханды келіп паналайды. Б.Нұрж. ~ Жылан бірде Юпитерден өтінді: «Дауысын бер Бұлбұлдың, Әйтпесе, өмірім суып қалған секілді. Қайда барсам, құрғұрдың Бәрі мені ұрады: Бірі сәл, Таяқ жұмсап бірі дәл, Жан сауғалап, әрең қашып шығамын. А.Ас.
Тірі қалудың амалын жасап, жан ұшырды. ~ Алты аласы, бес бересі жоқ, айдалада қойын бағып көшіп жүрген қазақты қырамын деп келген сотник, енді өз жанын сауғалап тірі қалуды арман етті. Сотник Фалилеевтің жасағы осылай қырылды. І.Ес. ~ Ол село, сөз жоқ, ол кезде зеңбірекпен қиратылған жоқ. Жанын сауғалаған жұрт үй-жайын тастап босып кетті. Оларды үркіткен, әрине, 1871 жылы тараншы сұлтандығына қарсы жорыққа шыққан орыс әскері. Б.Нұрж.
