Жаны сірі, ит жанды, өлермен. ~ Енді өлді!— деп, біз машинадан шыға тауға тырмыстық. Иттің жан себілі-ай, тағы да ол атып тұрды да, тастан-тасқа секірген қалпымен көзден ғайып болды… со кезде ымырт жабыла бастады… С.Мұқ. ~ Сендер саяси сенімдісіңдер. Бағып жүрсін деп басқа отделениеден сені қосып берді, анау жан себілін желкеме және салып қойды. — Сонан соң бір жаманат ойлағандай мырс етіп: — Көрерміз әлі! – деді. Т.Ахт.
