Тірі қалдыруын өтінді, өмірін сақтауды сұрады. ~ Түсіне Нұртай кірді. «Кежектің көк төбесі… Қазақтар қоршап алып, жігіттер жан сауға сұрап, қол қусырып тұрған кезі екен дейді. З.Шүк. ~ Ошыржап мырза! – деген Байшуақ толқып отырып. – Жан сауға сұрап келiп, дiнi бөлек, тiлi бөлек болса да, Сiздей тiлегi бiр жан аға тауыппыз! К.Сег. ~ Қылыштасқанды ер үстінен ұшырып, найзаласқанды ат көтіне түсіріп кете барған. Сонда ғой… Сонда жан сауға сұраған аз. Н.Дәут. ~ Қазақ халқының жығасы жығылып, жағасы жыртылған, салыны суға кетіп, әр бұтаның түбінен жансауға тілеген, қара саба тігісінен сөгіліп, желі арқаны үзіліп, құлыны құланға айналған. Ғ.Біл. ~ … осынау бекет бұған жан сауға беретін құтхананың кіре берісіне ғана емес, соның қақ төріне бастайтын жарық жұлдыз секілді көрініп кетті. М.Серв.
