Posted in

ЖАН САУҒА (ҚЫЛДЫ)

Жауынан жанын сақтап қалуды өтіну. ~ Енді Түйте де ақыры ұмтылды. Сәлден соң ат бауырына тығылған төртеу араша тілеп, ебелек қақты. — Жан сауға! Ағатай, жан сауға! С.См. ~ Жаралы күйінде қоршауда қалып, тұтқынға түсе жаздағанда, бір украин семьясы жан сауға болыпты. Соғыстан кейін сол үйдің бой жеткен қызына үйленсе керек… Б.Тоғ.

Тірі қалудың амалын жасады, бас амандығын күйттеді. ~ Өзіме де, саған да пышақ саламын! Түбіме жетіп, тұқымымды құртайын деп жүр екенсің, – деп өзіне дүрсе қоя беріп ұмтылған соң, әзер қашып, жан сауға қылып қана құтылды. С.Тор. ~ Ақпан ақырған аяз болды. Боран тынбай соқты. Талай еркек атқорада түнеді; суық өте құтырған кездерде қатын-бала да ұйлығып, салам мен шөптің арасына кіріп, жансауға қылды. Ж.Айм. ~ Сол қашқаннан мол қашып, жігіттердің көбі аулына тарады. Арттағылар не болғанын білген жоқ, Қартқожа да жансауға қылды. Ж.Айм.