Posted in

ЖІЛІГІ ШАҒЫЛДЫ

Жоқшылықтан, тұрмыс тауқыметінен әбден шаршап, болдырды. ~ Өздері сияқты шолақ дүниенің зарын тартып, жілігі шағылып жүрмесе де, аппақ сұлу жүзінен ішінен азып жүдеп жүрген көңілін сезіп еді-ау. Ә.Нұрп. ~ Жоқшылыққа жілігі шағылып жүрсе де, осы бір зәті жуас келіншектің бітім-болмысында кісі көңілін өзіне аударып тұратын бір қасиеті бар. Ә.Нұрп. ~ “Иә, Алла!..” деді; “Иллаһи Ил Алла…” деді. “Шиеттей қатын-баланың көз жасы мен жілігі шағылған жаңағы пақырлар… Олар да адам ғой… Ә.Нұрп. ~ Сырт хабардан естуі бойынша қазір кішкентай үш баламен жалғыз тұрады. Жоқшылыққа жілігі шағылып жүрсе де, осы бір зәті жуас келіншектің бітім-болмысында кісі көңілін өзіне аударып тұратын бір қасиеті бар. Ә.Нұрп.