Қадір-қасиетсіз, мәнсіз талас-тартыста, тапшылықта өткен ғұмыр, абыройсыз күнкөріс. ~ Батыр керек, найза керек заман қалды ғой адыра, адыра қалғыр! Сәдір найзасын құрыққа айырбастап жылқышы болып кеткен, — деп Сәдір де өзінің Есенейдің қолына қарап қалған ит өмірінің арызын айтып қалды. Ғ.Мүс.~ Өмiрде табыспасақ та, түнекте табысармыз. Мәңгiлiк өмiр сонда дейдi ғой. Мына ит өмiрдi жек көрiп кеттiм. Бұл өмiрдің жалған екенiн ендi ұқтым!.. Д.Рам. ~ Әттең білмедім ғой. Қара басып сенің үстіңе шығармын ба! Обалыңа қалдым-ау! Ана бөрідей шулаған немелер енді итше таласып, бәйгемізді бөлісе алмай жатыр. Оһ, ит өмір. Енді күреске шықсам, аруақ ұрсын, ант атсын!— деп Әліпқали алдында өзін кінәлі санаған еңгезердей Жасағанның екі иіні селкілдеп, балаша егіліп жылап отыр. С.Жүн.
