Posted in

КӨРЕР ЖАРЫҒЫ ТАУСЫЛМАДЫ (ТҮГЕСІЛМЕДІ, БАР)

Алда өмірі бар екен. ~ Қарақұсына мылтық кезенген түсі суық жасауыл төрдегі басшыға қарап, кірпік қақпай, үкім күтіп тұрған. Түгел де біткен жерім осы шығар деген. Бірақ, көрер жарығы таусылмапты. Ү.Жәл. ~ Бұған мынадай алапат құштарлық, еркекке тән өңмеңдеген өрескел тегеурін біткені әлі көрер жарығының таусылмағаны, о дүниелік емес, бұл дүниелік болғаны… Ә.Кек. ~ Жер сiлкiнiп, көрер жарығы таусылмай, үй қабырғаларының арасында тiрi кептелген пақырдың күйiн кештi. Ә.Ыб. ~ Кеудемде шықпаған жаным бар, бәлкім алдағы көрер жарығымның түгесілмегендігі шығар, өліп барып, әупіріммен тірі қалдым. Қ.Жиен. * Ол баланы өлімнен алып қалған мен емеспін, – деді Қайырболды, – Көресі жарығы бар деген сөз. Одан кейін, ол, дәрігерлердің еңбегі. Т.Әс.