Біреудің көзінше; ашықтан ашық. * Қасындағы игі жақсылар мұның осы көрер көзге көргенсіз қылығын байқаса да, байқамағансыды. О.Сәрс. * Ноғайқұлдың көңілі ашылып сала берді. Үйіне келгенде ол бірінші рет көрер көзге мейірленіп, қызы мен баласын алма- кезек сүйді. Т.Әл. * Өңі сынық, жанарындағы шоқ та сөніп, бет терісі босап, көрер көзге қартайып бара жатқандай. Қ.Түм. ~ Жо-жоқ, мұныңыз Қарасайдың намысына тиетін әрі көрер көзге қиянатқа итермелейтін жала! Қ.Жиен.
