Көңілге келетеін сөз айтты, өкпелетті. ~ Осындай хор қызына қалай аузың барып сондай сөз айтасың,— деп жігіттердің біразы шынымен ренжіп қалды. Төкен сөзі әркімнің-ақ көңіліне дақ салғандай тыныштық орнай қалды. Б.Қыд. ~ Дақ салма сыйлы көңілге, Желікпе дұшпан желдесе. Дым бітпейді өмірде, Ашуды ақыл жеңбесе. К.Сал. * Қосалқы атын айыпқа тартқаны батырдың көңіліне дақ қалдырмай жұбатар ма, жоқ па! Ғ.Мүс. ~ Боямасыз өмірде, Таза аппақ жан бар ма ?! Дақ түсірер көңілге, Жаман адам бар хақта. Ақ қарадан тұратын Өмір шіркін жалған ба ?! Ү.Бот.
