Posted in

ЛАЖ (ЫЛАЖ) БАР МА

Не амал бар, көнуге тура келеді д.м. ~ «Қара құлақ – қасқырдың шамы» дегендей, «Мынау солай» – дегенге оғын қадаған. Лаж бар ма болған соң заман осылай, Шақ болып тұр сұңқарды құзғын талаған. М.Дулат. ~ Мен сіздің сымбатты сұлу көркіңізді сөз етпей-ақ қояйын. Итальянша сөйлеуге олақпын. Бірақ лаж бар ма, жас шағымнан-ақ сұлулықты қайда көрсем, сол жерде мадақтаймын деп, жыр тәңірісінің алдында ант еткен ем. К.Пауст. ~ — Бастық шақырса бармасқа ылаж бар ма, жарайды. Онда сен кешікпей Сақанға бар. Осында ертіп кел, бірге баралық, деп өзіне тарта сөйледі. С.Бег.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *