Дайын тұр; жанығып тұр. * Әрдайым тізгінін созып жіберіп, басын шұлғып тастап көңілді аяңдайтын Аймаңдай, бүгін тіпті жеңіл басып, дәл жел қайықтай лыпып тұр екен. М.Әу. * Жігіт деген әрқашан әмбебап, әрқашан лыпып тұрмаушы ма еді… Қ.Найм. * Ендеше, ендігі сенделісі не? Әлде су төгілмес жорғадай лыпып тұрған алғашқы әсер сейіліп, боямасыз жұп өмір басталды ма? М.Қаб. * — Обкаткадан өткізіп жүрміз. Қайда салсаң, сонда лыпып тұр. Жарыса қалса “Волгаңнан” қалыспайды. М.Қаб. * Мұрынын тескен тайлақтай жетелеген жаққа лыпып тұрды. Т.Сәу.
