Менікі не, осы маған жарасатын қылық па деген мағынада. ~ Бикен аңтарылып: ─ Көтек, маған не жоқ! Тіпті жайласып отырып аппын ғой, шығар менен неше түрлі, – деп өзіне–өзі таң қалып, басындағы жаулығын жөндеген күйі үйден асығыс шыға жөнелді.’ Т.Әбд. ~ Мынау қызық екен, – деді Асқар өз ойына өзі елігіп. – Яғни осының бәрі өзімнің ел ісіне араласпай, көкпарды тартатын адамдар бар шығар, маған не жоқ деп, өмірден шеттеп кеткенімнен, айтыса алмағанымнан, күресе алмағанымнан болды ғой… Т.Әбд. ~ Сіз бармасаңыз, маған не жоқ? Мен де бармаймын, — деді Әсем назданып. Қ.Жұм. ~ “Маған не жоқ‚ айдың күні аманда әкесі белгісіз дүбараны өмірге әкеліп…” Қ.Түм.
