Posted in

МАЛ БОЛМАЙДЫ

Жазылып кетуі, оңалуы дүдамал; үмітсіз. ~ Бесатардың оғы — шыққан жерін алақандай қып үңірейтіп, жұлып әкетеді. Емдеуі келіспей, асқынып кетсе, ол оқ тиген адам жуырда мал болмайды. Ж.Айм. ~ Жақан оны ырғай сапты
найзасымен қолма-қол аттан түсіріп кетеді. Найза қата тиіп, қуғыншы батырдың сүбесін айырады. Жақан оның мал болмайтындығын біледі. Р.Кар. ~ Күндіз- түні зар қақтырған ауыр азаптан өлер болған Қыдырман, мұнан әрі аяғының мал болмасына көзі жеткен соң, саусақтарын жаңғырыққа салыпты да, өткір балтамен тегіс қырқып шауып тастапты. С.Мұр.

  1. Жөнге келуі, іске жарауы екіұдай. ~ Сонымен қатар Көксерек жайында ауыл-үйдің қатындары әр алуан өсек те таратып жүрді. — Ұры. Асырасаң да, мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті. М.Әу. ~ — Анау бір топ қара шырша үйездеген малдай бір – біріне бұйығып өсіпті, бірақ түбі мал болмайды, өйткені тым тығыз, қорегі аз. Қ.Ысқ.
  2. Адам болмайды, түзелмейді, осы кеткені кеткен д.м. ~ Мұны көрген Періште: «мыналарың мал болмайтын жұрт екен, жүдә!» деп қолын сілтеп теріс айналады. Т.Сәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *