Posted in

МАЛ ДЕСЕ

Біреулдің малға, дұниеге, байлыққа деген ықыласы туралы. ~ Өздері екі-үш әйел екен, өңдері жүдеу, киімдері тозған, ас-ауқаттары да бітіпті. Бірақ мал десе, жаңа туған төл десе астындағы ас-ауқатын аямауға бар. Мұндай адамдарға қалай жаның ашымасын! Б.Тоғ. ~ Анау Байбаланың қоғам малы үшін өмірін қиғаны, мынау Асылханның мал десе жарғақ құлағы жастыққа тимей жүретіні — сондай тәрбиенің нәтижесі. К.Қаз. ~ Мал десе тісіне дейін тексеретін қазақ емес пе, ұрғашы ма, еркек пе деп артына саусағын жүгіртсе: “ойбай, ұят болды – ау” деп секіріп кетіп жоқ болыпты. Қ.Ысқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *