Posted in

МАҚТАМЕН БАУЫЗДАДЫ

Майда сөзбен жанына тигізе айту туралы. * Ал Антоша Чехонтенің күлкісі қандай екенін білесіздер: ол – жаныңды жазғытұрымғы күншуақтай жылытатын сәулелі (әлбетте, оқырман үшін), ал кейіпкерін мақтамен бауыздайтын әзіл күлкі. Ғ.Қаб. * Қылжақтамай тез айтпай ма? Сұрасам ба?» — деп ойлады ол қобалжып.— Әзілдеген түрін. Мақтамен бауыздауға айналды. Жә, шыдау керек. Әйтеуір бір жөні табылар…» М.Сүн. * – Мырзам, Сіздің тұқымның өскені менің де өскенім. Сіз аман болыңыз. Мен өлер-өлгенше қызыметіңіздемін… – деп жылап жіберді. Əйелінің мына данышпандығы мақтамен бауыздағандай болды. С.Досж.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *