Мақтау сөз, қошемет кімге де болса ұнайды. * Мақтағанды кім жек көрсін, ебін тауып еңсесін көтергендер Мирзоян болмағанмен оның әйелі Тевосянға жаққандар еді. Б.Қыд.* «Түсі игіден түңілме» дегендей, жүздерінен нұр төгіліп тұрған сүйкімді адамдар екен», – деп, олардың мәртебесін көтеріп тастады. Мақтағанды кім жек көреді дейсіз, Сейілбектің жаңағы жылы лебізі Харитонның жанына жағып кетті. С.Ом.
