Posted in

МАҢДАЙЫ ЖАРЫЛДЫ

Бағы жанды; жолы болды. Орынбасар деген қатын маңдайы жарылғандай: “Былай тұрлап”, екі қолын ербеңдетіп кимелеп келіп, күйеудің асыл шүберек ұстаған қолымен Шәмшидің шашын сипады да, шүберекті ол алды. Ж.Айм. * Лене кім жеңсе,
соған тиеді. Пышақсыз, жұдырықсыз күрес болады. Кімнің маңдайы жарылғанын білгенше арақты доғарамыз. Ж.Айм. ~ Алакөлеңкеде маңдайы жарылып келе жатқан баран атты ең жас аңшыны да таң қалдырды. М.Әу. * Кім біледі, биыл ауданға жоғарыдан қанша сан түсті? Қазақстаннан қанша адамға шақырту келді? Оның нешеуінің маңдайы жарылып тұр? Сан тимесе шақыртудың уақытын, келесі жылға ұзарту керек. Т.Рыс. ~ Поезд қозғалды. Науша жігіт поезд ішінде бір нәрсе ұмыт қалғандай абыржи қол бұлғайды. Шал терезеден ештеңе көрмесе де тысқа жалтақтап, «маңдайы жарылып қалған бала екен, алдынан жарылқасын» деп өз-өзінен күбірлеп барады. Д.Досж. * Мұнымен тынса жақсы, келешекте сіз дегенде қай қыздың маңдайы жарылып тұр екен, екі қолын жылы суға малады-ау ғұмыр бойы деген шет пұшпақ тағы басталады. М.Қаб. ~ … құдай таудай талап берген соң, маңдайың жарылып, өз келеңнең оздың, біз сені о жақта да күнде көкпар тартқан көптің бірі емес, алысқа сілтер, бірегей шыққан тарлан болғай деп тілейміз. … М.Мағ. ~ Ешқайсысы: «Шіркін, маңдайың ағынан жарылған екен, неткен бақыттысың, бізге неге осындай жігіт кездеспейді, теңіңді тауыпсың», — демеді. Қарашаш тақатсыз күткен ең керекті сөздер айтылмады. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *