Жолы ашық, бақыты бар д.м. ~ Рақилаға көзі түскен жерде– ақ, япырмай, Рақила қалай жұғымды, жасы отыздан асса да, əлі жап– жас, өңі тайған жоқ. Аққұба, маңдайы да жарық, əнтек мұрыны шошағырақ болмаса, өзі де биязы, киімі құба төбел болса да, кірі жоқ, таза, бойына қонымды, не керек, қазақша биялайға лайық бір əйел. Ж.Айм. * Әсіресе, мынадай бір топ ашулы арыстаннан аман құтылу деген оңай емес. Бәлкім, өзіңнің де маңдайың жарық шығар. Немесе Гүлшаттың бағанағы ақ тілегінің қасиеті болар, – деп келіп, Бекболат бір дем үнсіз қалды. Ж.Сәм. ~ – Сүйінші, сүйінші! – деді ыршып түсіп. – Келіп қалды. Маңдайы жарық, жүрегің ашық. Оның босағасынан сенің босағаңа ауды. Ш.Мұр.
